Шығыс Қазақстанда азық-түлік таусылайын деп жатыр
Шығыс Қазақстанда азық-түлік таусылайын деп жатыр
Фото: Интернеттен алынды
232
оқылды
Шығыс Қазақстанда тұрақтандыру қорындағы өнім таусыла бастады, – деп хабарлайды «Хабар 24». Телеарнаның мәліметінше, картоп мамыр айының ортасына дейін ғана жетеді. Ал орамжапырақ осы айда сатылып бітсе, сәбіз бен сарымсақ сәуірдің соңында бітеді. Тұрақтандыру қорын ұйымдастырып отырған әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының облыстағы өкілдері берген мәліметінше, жалпы қордағы 5700 тонна өнімнің әзірге 3800 тоннасы сатылыпты. Көкөністердің бір келісі қор атынан ашылған сауда орындарында 70 теңге шамасында болса, жеке дүкендердің ішінде 77 теңгеден сатылып жатыр. Сарапшылардың айтуынша, бұл өлкедегі баға өсімін ұстауға сеп болмақ. Өйткені кәдімгі базарда аталған өнімдер екі есе қымбат. Сондықтан тұтынушылар тарапынан қор өнімдеріне сұраныс жақсы дейді сатушылар. Саудагер Анаргүл Құсманова: «Біз күнделікті 900 келіге дейін тауар аламыз, наразылық болған емес, тауар сапалы, тиімді. Мамыр айына дейін баға осылай тұрса, әрі қарай көтерме базардан аламыз», – деді. «Ертіс» ӘКК бөлімінің бас менеджері Зарина Амангелдинова: «Өнім көкөніс қоймасында жинақталған. Ол жерде барлық ережелер ескерілген. Алайда тауарды сақтау талабына сай көкөністер де белгілі бір уақыт аралығында ғана сақталуы тиіс. Әрі қарай біз ол өнімдерді сатылымға шығара алмаймыз. Өйткені тауардың бұзыла бастауы әбден мүмкін», ­– дейді.