Сөйтіп, ол сот залында қамауға алынды.
Кәрім Көкірекбаевқа қатысты ақтау үкімінің күші жойылды
738
оқылды

"Қазселденқорғаудың" бұрынғы басшысы Кәрім Көкірекбаевтың үкімі жойылды, – деп хабарлайды Аikyn.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.

"Биыл 25 шілдеде Алматы облыстық соты ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ басшысы К.Көкірекбаевқа қатысты ақтау үкімінің күшін жойды, қылмыстық іс бірінші сатыдағы соттың жаңа қарауына жолданды. Сонымен қатар, Кәрім Көкірекбаев сот залында қамауға алынды", – делінген хабарламада.

Еске салайық, Жамбыл облысының бұрынғы әкімі және сол кезде "Қазселденқорғау" басшысы болған Кәрім Көкірекбаевтың ұсталғаны туралы 2022 жылдың 27 желтоқсанында белгілі болды. Сол кезде Антикор ол "пара алу кезінде" ұсталғаны туралы хабарланды. 2023 жылғы мамырда Антикорда істің қатысушыларына орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерлерден жалпы сомасы 396 миллион теңгеге ірі және аса ірі көлемде пара алу айыпталғанын мәлімдеді.

Маусымда алқабилер соты Көкірекбаевты ақтағаны белгілі болды. Ал оның бұрынғы орынбасары 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.