Бірнеше боксшымыз бірінші айналымнан сүрінбей өтер болса, өз салмақтарындағы әлем үздіктерімен кездесуі мүмкін.
«Оңай қарсылас жоқ»: Мырзағали Айтжанов боксшылардың жеребесіне қатысты ойын айтты
Фото: ҰОК
3,139
оқылды

Кеше бокстан Париж Олимпиадасының жеребесі тартылып, қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыласы анықталды. Осы орайда, ерлер құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов жеребе тарту рәсіміне қатысты шағын пікірін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Айта кетелік, жеребе қорытындысы бойынша қазақстандық боксшыларға қарымды қарсыластар түсті.

Ал бірнеше боксшымыз бірінші айналымнан сүрінбей өтер болса, өз салмақтарындағы әлем үздіктерімен кездесуі мүмкін. 

«Бұл – Олимпиада ойындары. Әрбір қарсылас іріктеліп, үлкен дайындықпен келген. Оңай қарсылас жоқ. Сол себепті, әрбір жекпе-жек біз үшін финалға пара-пар. Біз екінші, үшінші кездесу қиын болады деп қарастырмаймыз. Бір бірінші жекпе-жектен бастап тас түйін дайын шығамыз», – деді бас бапкер. 

Естеріңізге сала кетейік, Париж Олимпиадасындағы бокс жеребесі төмендегідей тартылды: 

51 келі: Сәкен Бибосынов – Самет Кумуш (Түркия)

57 келі: Махмұд Сабырхан – Хосе  Кильес (Испания)

63,5 келі: Мұхамедсабыр Базарбайұлы – Ойер Ибаррече Конде (Испания)

71 келі: Асланбек Шымбергенов – Зияд Ишиаш (Иордания)

80 келі: Нұрбек Оралбай – Каллум Петерс (Австралия)

92 келі: Айбек Оралбай – Олайтан Адам Олаор (Нигерия)

+92 келі:  Қамшыбек Қоңқабаев – Гадфа Дрисси (Испания)

Қазақстандық боксшылар арасынан алғаш болып шаршы алаңға Мұхамедсабыр Базарбайұлы шығады. Оның бірінші кездесуі 27 шілдеге жоспарланған. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.