Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында 50 литрлік газ баллонының жарылуының алдын алуға мүмкіндік туды.
Үй, жүк көлігі, қойма, монша: түнде бірнеше өңірде өрт болды
1,284
оқылды

Төтенше жағдайлар министрлігі 27 шілдеге қараған түні Қазақстанның бірнеше өңірінде өрт болғанын мәлімдеді, - үдеп хабарлайды Aikyn.kz.

Талдықорғанда ауданы 50 метр квадрат жеке тұрғын үйді жалын шарпыды. Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында 50 литрлік газ баллоны жарылуының алдын алуға мүмкіндік туды. Өрт сөндірілді, зардап шеккендер жоқ.

Қостанайда жүк көлігінің тоңазытқыш камерасы өртенді. Құтқарушылар 6 шаршы метр аумақтағы өртті толықтай сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Алматының Медеу ауданында қоймалардың бірінде 5 метр квадрат аумақта құрылыс материалдары өртенді. Құтқарушылар өртті 16 минутта сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.

Алматы облысы Бесағаш ауылында жеке тұрғын үйдің ауласында уақытша баспанасы бар моншаның жалпы алаңы 18 метр квадрат бір шатырдың астында өртенді. Өртті өрт сөндірушілер толықтай сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталып жатыр.