Нысана көздеуден Қазақстан командасы Париж Олимпиадасының іріктеу сынында сәтті өнер көрсетті.
Олимпиадада нысана көздеуден біздің мергендер қолаға таласады
863
оқылды

Пневматикалық  винтовкамен 10 метрге нысана көздеуден аралас командалық сында Ислам Сәтпаев пен Александра Ле өнер көрсетуде, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Олар іріктеуде үшінші орыннан көрінді.  

Финалдық кезеңде қазақстандықтар қола медальға таласады. Біздің команданың қарсыласы – Германия құрамасы. 

Алтын медаль үшін Қытай мен Оңтүстік Корея мергендері таласады. 

Ал Константин Малиновский мен Арина Алтухова 27-орыннан көрінді.