Алғаш рет олимпия ойындарына қатысып тұрған Ислам Сатпаев пен Александра Ле жұбы Германия құрамасынан (Анна Янсен, Максимилиан Ульбрих) басым түсті.
Сүйінші! Қоржында – Париж Олимпиадасының алғашқы жүлдесі
724
оқылды

Пневматикалық винтовкамен 10 метрден нысана көздеуден Қазақстан-1 командасы Париж Олимпиадасының алғашқы жүлдесін делегация қоржынына салды,  деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, біздің мергендер ертеректе іріктеуде 630.1 ұпай жинаған. Ислам мен Александра дуэті былтыр Ханчжоуда өткен жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері. 

Олимпиадада қола жүлде жеңіп алған қазақ спортшылары, сондай-ақ олардың бапкерлері мемлекеттен 75 мың АҚШ долларынан алады. Ал алтын үшін 250 мың доллар, күміске 250 мың доллар қарастырылған.