Дзюдодан Қазақстан командасының үздігі Абиба Әбужақынова Париж Олимпиадасындағы алғашқы белдесуінде жеңіске жетті.
Дзюдо: Абиба Әбужарқынова алғашқы қарсыласын жеңді, Елдос Сметов үшінші айналымға шықты
2,217
оқылды

48 келі салмақта сынға түсіп жатқан Абиба алғашқы айналымда израильдік Шира Ришориден "ваззари" ұпайы бойынша басым түсті, деп жазады Aikyn.kz.

Осылайша, қазақстандық балуан Олимпиада ойындарының келесі айналымына жолдама алды. 

Париж Олимпиадасындағы дзюдо  бәсекесі  жалғасуда. Қазақстандық Елдос Сметов турнирдің үшінші айналымына шықты. 

60 келі салмақта белдесетін Елдос Сметов екінші кезеңде украиналық Ділшот Халматовтан "ваззари" ұпайы бойынша басым болды. 

Бірінші кезеңде Сметов нидерландтық қарсыласын шидо саны бойынша ұтқан болатын. 

Айта кетелік, бұл  Елдос Сметовтің мансабындағы үшінші Олимпиада ойындары.