Дәл қазір Ұлттық саябақта аптап ыстық болып тұр. Ауаның ыстық болғаны сонша, бір туристің аяғының терісін күйдіріп жіберген.
Ұлттық саябаққа ауа температурасы 123 градус болғанда келген туристің аяғын қатты күйік шалды
Ұлттық саябаққа ауа температурасы 123 градус болғанда келген туристің аяғын қатты күйік шалған. Фото bigpicture.ru сайтынан алынды
2,694
оқылды

Бұл Ұлттық саябаққа келген туристердің Күннің астында қыдыруы қауіпті екенін америкалық bgr.com сайты жазды. Мақалаға сілтеме жасай отырып, Aikyn.kz саябақтағы қазіргі жағдаймен таныстырады.

Алқаптың мына құм төбелері Калифорнияның ең танымал жерлерінің бірі болып саналады. Соңғы апталарда бұл жердегі ауа температурасы максималды деңгейге көтерілген. Фото bigpicture.ru сайтынан алынды

Калифорния штатында орналасқан Өлім алқабы ұлттық саябағы (Death Valley National Park) шынымен де қорқынышты атына сай екенін саяхатшылар жақсы біледі.

Алқаптың құм төбелері Калифорнияның ең танымал жерлерінің бірі болып саналады. Соңғы апталарда Өлім алқабындағы ауа температурасы әдеттен тыс максималды деңгейге көтерілген. 

Жақында ол жерде ауаның ыстық болғаны сонша, серуендеп жүрген туристің аяғын үшінші дәрежелі күйік шалған. Бұл оқиғада сыртқы киімі бүтін туристің алқаптағы серуенінен басқа көп нәрсе бар. Ұлттық саябақ қызметінің мәліметінше, сол кезде температура Фаренгейт шкаласы бойынша 123 градусқа көтерілген. Құм мен топырақ әлдеқайда ыстық болған.

Саябақ күзетшілерінің айтуынша, ер адамның аяғының терісі ыстықтан еріп кеткен. Сол күні Өлім алқабындағы температура 123 градусқа көтерілген. Фото bigpicture.ru сайтынан алынды

Өлім алқабындағы осындай аптап ыстықтың салдарынан туристің аяғын қатты күйік шалған. Ол алқаптағы құм төбелерді аралап жүріп, аяқкиімінен айырылып қалған.

Өлім алқабындағы құмның температурасы Фаренгейт бойынша 170-180, кейде 200 градусқа дейін көтерілетіні белгілі.

Саябақ күзетшілерінің айтуынша, ер адамның аяғының терісі ыстықтан еріп кеткен. Бақытына орай, ер адамның отбасы жақын жерде болғандықтан, көмек шақырып үлгерген. Қысқа уақыт ішінде жақын маңдағы көлік тұрағына жедел жәрдем көлігі келіп, туристке алғашқы көмек көрсеткен. Дәрігерлер үшінші дәрежелі «терең» күйік шалған деген қорытынды берген. 

Мына видеода Өлім алқабы туралы танымды ақпарат берілген:

Ол дәрігерлік көмек келгенде аяғының жансызданып, қатты ауыратынын айтқан. Өкінішке қарай, Ұлттық саябақтағы аптап ыстыққа байланысты тікұшақ ұшып келе алмаған. Оның қауіпсіз ұшып, қонуға мүмкіндігі болмағандықтан, жергілікті жедел жәрдем көлігі ер адамды сәл салқынырақ жерге апарып, содан кейін ғана ол Лас-Вегастағы ауруханаға жеткізілген.

Аптап ыстыққа байланысты тікұшақ ұшып келе алмаған соң туристі жедел жәрдем көлігі сәл салқынырақ жерге апарып, содан кейін ғана ол Лас-Вегастағы ауруханаға жеткізілген. Фото usatoday.com сайтынан алынды

Ресми органдар жақын айларда Өлім алқабына баруды жоспарлаған туристерге ескерту жасап,  алқаптағы жылу деңгейін ескерткен. Климаттың өзгеруі планетамыздағы ауа температурасының жоғарылауына алып келді. Бұрын ыстық болған аудандарда өте ыстық жылу көрсеткіштері байқалады және бұл адамның өміріне, денсаулығына үлкен қауіптер туғызуда.

Aikyn.kz климаттық өзгерістерден болған аптап ыстық туралы «100 градустан асатын аптап ыстық болады: миллиондаған адамның өміріне қауіп төнеді» және «Азия аймағы аптап ыстық пен су тасқынынан зардап шегуде» атты мақалалар жариялаған.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.