Қазақ балуаны Париждегі ойындардың финалында Лука Мхеидземен (Франция) күресіп, қарсыласынан басым түсті.
Елдос Сметовтің қайсарлығының арқасында Қазақстанның Туы биікте желбіреді – Қасым-Жомарт Тоқаев
Фото: Туризм және спорт министрлігі
5,311
оқылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Олимпиада чемпионы Елдос Сметовті құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

– Дзюдошымыз Елдос Сметовті Париждегі Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алуымен құттықтаймын! Оның шеберлігі мен қайсарлығының арқасында Қазақстанның Туы биікте желбіреді. Елдос мықты қарсыластармен күресте төртжылдықтың басты додаларында топ жарып, әлемнің үздігі атанды. Сіздің жеңісіңіз – біздің бүкіл халқымыздың жеңісі! – деп жазды Мемлекет басшысы Х парақшасында.

Айта кетейік, дзюдодан Қазақстан командасының белді мүшесі Елдос Сметов Париж Олимпиадасының чемпионы атанды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.