Қазақ палуаны Париждегі ойындардың финалында Лука Мхеидземен (Франция) күресіп, қарсыласынан басым түсті.
Елдос Сметовтің табандылығы жастарға үлгі болатыны анық – Мәулен Әшімбаев
Фото: ҰОК
875
оқылды

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Париж Олимпиадасында алтын медаль алған дзюдошы Елдос Сметовті жеңісімен құттықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Құрметті достар! Баршаңызды Париж төрінде атой салған даңқты спортшымыз Елдос Сметовтің жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – күллі Қазақ елінің беделін көтеріп, мерейін үстем еткен айтулы белес. Қатарынан үшінші Олимпиадасында жеңіс тұғырынан көрінген Елдос бауырымыздың алтын жүлде жолындағы ерік-жігері мен табандылығы спортты серік еткен жас буынға қашанда нағыз үлгі болатыны анық. Осы ретте бүгін қоржынға қола медаль салған мергендеріміз Ислам Сәтбаев пен Александра Ленің жетістіктерін де айрықша атап өткен жөн. Атлеттеріміздің алғашқы күндегі жеңіске толы жорығы алдағы уақытта жарыс жолына шығатын барлық спортшымызға жұғысты болсын! Алға, Қазақстан!» - деп жазды Мәулен Әшімбаев.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.