Сот фитнес-клуб тұтынушының денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін қажетті шараларды қолданбаған деген қорытындыға келді.
Қызылордалық әйел фитнес-клубтан сот арқылы миллион теңге өндіріп алды
СпортРес
1,517
оқылды

Қызылордада әйел фитнес-клубтың үстінен материалдық және моральдық шығынды өндіру үшін арыз жазған, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қызылорда қалалық соты аппаратының басшысы Нұрила Дүйсенованың айтуынша, 54 жастағы әйел фитнес-клубқа барған, бірақ бір күні жаттығу кезінде салқындатқыштың жанындағы дымқыл еденге тайып, құлап кеткен.

"Әйел қатты соққыға ұшырап, жедел жәрдем шақыруға мәжбүр болды. Артынша ол травматология және ортопедия ғылыми орталығында емделді. Ол жұмысқа бара алмай, төсек тартып қалған. Салдарынан жалақыдан айырылған, сондықтан әйел фитнес-клуб басшылығынан моральдық және материалдық өтемақы талап етті", – деп атап өтті Дүйсенова.

Әйел фитнес клубтан миллион теңгеден астам ақша талап етті. Сот фитнес-клуб тұтынушының денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін қажетті шараларды қолданбаған деген қорытындыға келді. Талапкердің талаптары қанағаттандырылды.

Жауапкер мұнымен келіспей, облыстық сотқа апелляциялық шағым түсірді. Десе де сот шешімі өзгеріссіз қалды.