Данияр алғашқы айналымда 3 шидо алып, өзбек дзюдошысынан ұтылып қалды.
Данияр Шамшаев: «Олимпиадаға толық дайындалмадым, көп уақытым емделуге кетті»
2,631
оқылды

Дзюдодан Қазақстан командасының мүшесі Данияр Шамшаев жеңіліске не себеп болғанын айтты, деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

«Мен Олимпиада ойындарына толық дайындықсыз келдім. Оқу-жаттығу жиындарым аз болып қалды. Олимпиада алдында бір айдай асқазаным ауырып, көп уақытымды емделуге жіберіп алдым. Алда әлі талай додалар бар ғой, бұл Олимпиадада жолым болмады. Бір сәтсіздік бір сабақ дегендей, болашақта еліміздің намысын абыроймен қорғаймын деп ойлаймын», деді Шамшаев.

Данияр Олимпиаданың алғашқы айналымында өзбек балуанына есе жіберді.