Париж Олимпиадасында қазақстандық теннисшілер жарыс жолын тегіс аяқтады. Біздің команда сапынан соңғы болып кортқа шыққан Александр Бублик пен Александр Недовесов жұптық сында жеңіліп қалды. Олар Бразилия командасына қарсы ойнап, 4:6, 4:6 есебімен қарсыласқа жол берді.
Теннисші Александр Бублик Париж Олимпиадасындағы жеңілісінің себебін түсіндірді
olympic.kz
791
оқылды

Александр Бублик жұптық сындағы жеңілістен соң шағын сұхбат беріп, Париждегі сәтсіздік себебін айтты, деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

"Бұл нәтижемізге баға беру қиын. Әрине, мүмкіндік болды. Бірнеше рет брейк-пойнт болды, бірақ оны жүзеге асыра алмадық. Теннис қой, енді.

Медальді айтпағанда, жеңіске жетудің өзі қолдан келмеді. Қазақстандықтардан бірнеше ойында жеңе алмағаным үшін кешірім сұраймын.

Сашамен (Недовесов - ред.) соңғы рет 2022 жылы ойнадым. Жұптасып жаттығуға да мүмкіндік болмады. Бірге ойнайтын тәжірибеміз аз. Бірақ бұл да ақталу емес", деді Бублик.