Ол Елдос Сметовтің жеңісінен кейін Қазақстан дзюдо федерациясы PR менеджерінің сөзін мысал келтірген.
«Ішкі «күреспен» барғанын түсінуге болады»: Ләйлә Сұлтанқызы Елдос Сметовті құттықтады
Фото: instagram.com/sultankyzy
2,728
оқылды

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында жеңіске жеткен Елдос Сметовті құттықтап, оған күмәнмен қарағандарға қатысты ойын айтты, – деп жазды Aikyn.kz. 

Ол Қазақстан дзюдо федерациясы PR менеджерінің сөзін мысал келтірген. 

"Қазақстан дзюдо федерациясының PR менеджері Айгерім Тоқсанбектің "Осыдан кейін "Елдосты шал болды, жастарға орын беру керек, кетсін" дегендер жеке-жеке кешірім сұрау керек деп ойлаймын!" деген жазбасын оқып, Елдос осы жолы Олимпиадаға қандай ішкі "күреспен" барғанын түсінуге болар. "Бұйырған кетпейді" демекші, Елдосқа біреудің кешірім сұрағаны маңызды емес екені жүзінен-ақ көрініп тұр. Артында ұлына сенген отбасы мен елі тұр. Биіксің! Мықты екеніңді дәлелдедің, Елдос! Құттықтаймын! Жүлдеміз, жеңісті күндеріміз көп болғай", – деп жазды Instagram желісіндегі парақшасында. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Ләйлә Сұлтанқызы (@sultankyzy)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.