3:2 есебімен жеңіліс тапты.
Париж-2024: Қамшыбек Қоңқабаев бірінші жекпе-жегінде жеңіліп қалды
Фото: ҰОК
1,734
оқылды

Қамшыбек Қоңқабаев Париж Олимпиадасында бірінші қарсыласына есе жіберді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Қоңқабаев 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, Еуропа чемпионатының жеңімпазы, испаниялық Айюб Гадфа Дриссиге есе жіберді. 

Алғашқы раундта Қамшыбек 3:2 есебімен алға шыққан. Екінші кезеңде төрешілер 4:1 есебімен жеңісті қарсыласқа берді. 

Ал соңғы, шешуші раундта жеңіс қазақ боксшысына берілгенімен, жалпы жекпе-жекте жеңіс испандық боксшының еншісінде кетті. 

Осылайша, Дрисси ширек финалға өтті. Бұған дейін қазақстандық Асланбек Шымбергенов жарысты аяқтаған болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.