Олимпиада ойындарын көруді қалаған жанұя Атыраудан Парижге көлікпен саяхаттап барған.
Атыраулық отбасы Олимпиаданы көру үшін Парижге көлікпен барған
1,047
оқылды

Бұл туралы "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасаған Аikyn.kz хабарлайды.

Аймақтық басылымның хабарлауынша, Атырау тұрғыны Францияда өтіп жатқан Олимпиадада біздің спортшыларға қолдау көрсету үшін отбасымен бірге көлікпен саяхаттап барған.

Ерік Шыныбеков бұған дейін де көлікпен ұзақ сапарға шыққан екен. Өткен жылы отбасы Түркияға 17 күндік сапарға барған. Дәл осы сапардан кейін олар биыл да саяхаттауға шешім қабылдаған.

Сонымен, қыста саяхатшылар отбасы бірауыздан Францияға бару туралы шешімді қабылдады. Наурызда олар қажетті құжаттарды жинап, сәуірде визаға өтініш берген.

"Виза орталығында бізге өте мұқият қарады. Біз үшін де, орталық үшін де Шенгенге көлікпен саяхатты рәсімдеу алғашқы тәжірибе болды. Бізде ешқандай бронь болмағандықтан, саяхаттың егжей-тегжейлі жоспарын жасап, көп жұмыс істеуге тура келді. Екі аптадан кейін рұқсат алып, көлігімізді ұзақ сапарға дайындай бастадық. Өйткені жолда 15 елден өтетін едік", – деді Шыныбеков.

Басылым ақпаратынша, Ерік пен Гүлдананың үш баласы бар: 5 жасар Ерхан, 9 жастағы Ясмин және 16 жастағы Ясин.

Ұзақ жол жүру нәтижесінде атыраулық нөмірі бар көлік Париждегі Салтанат қақпасынан 200 метр жерде Тильсит 3 көшесіне келіп тоқтады. Еуропаға жету үшін отбасы күн сайын 600 шақырым жол жүрген.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.