Президентке сот жүйесін цифрландыру және дау тудырмайтын әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша автоматтандыру жұмыстары жүзеге асырылып жатқаны жөнінде баяндалды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады
Akorda
1,067
оқылды

Сот төрағасы Асламбек Мерғалиев Қасым-Жомарт Тоқаевқа сот төрелігіндегі өзекті мәселелер мен сот жүйесін одан әрі жаңғырту шаралары туралы мәлімет берді. 

Әсіресе, сот жүйесін цифрландыру және дау тудырмайтын әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша автоматтандыру жұмыстары жүзеге асырылып жатқаны жөнінде мәселе қозғалды. 

Асламбек Мерғалиевтің айтуынша, азаматтық және әкімшілік істер бойынша татуластыру рәсімдерін қолдану көрсеткіші өсіп келе жатыр.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы сала кадрларының сапасын арттыру, азаматтарды сот арқылы қорғауды күшейту, заң үстемдігін қамтамасыз ету және соттарға деген сенімді арттырудың маңызын атап өтті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.