Ол венгриялық қарсыласынан қосымша уақытта ұтылып қалды. Негізі екеуі де бір сәтте әдіс жасаған еді. Дегенмен венгриялық Атилла Унгвари аяқты іштен бірінші болып іліп, вазари ұпайын бірінші болып еншіледі.
Дзюдошы Абылайхан Жұбаназар бірінші белдесуінде ұтылып қалды
529
оқылды

Дзюдошы Абылайхан Жұбаназар Париж Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ерлер арасында 81 келіде сынға түскен ол бірінші кезеңде венгриялық Атилла Унгвариге есе жіберді. 

Кездесу қосымша уақытқа дейін созылып, қарсылас маңызды ұпайды алып кетті. 

Осылайша, Жұбаназар келесі айналымға өте алмады.