Қазақстандық дзюдошының сөзінше, ол Олимпиадаға жақсы дайындықпен келген.
Абылайхан Жұбаназар: «Венгр дзюдошысын жеңетініме сенімді болған едім...»
1,200
оқылды

Дзюдодан Қазақстан командасының мүшесі Абылайхан Жұбаназар Олимпиада ойындарындағы жеңілісіне қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Olympic.kz-ке сілтеме бере отырып. 

«Мен бұл жарысқа жақсы дайындықпен келдім. Келесі айналымға өтемін деген сенімім зор болды. Мұндай жеңіліске қалай душар болғанымды әлі түсіне алмай отырмын. Жаттығу, дайындық жөнінен ешқандай мәселе жоқ.

Венгриялық балуанмен бұрын кездесіп, бір рет жеңілгенім бар. Бүгін тағы да есе кетті. Неден қателік жібергенімді білмеймін. Қарсыласым қарсы шабуылдан ұстаған сияқты», – дейді Жұбаназар. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.