Сәкен Бибосынов қарсыласын айқын басымдықпен (5:0) жеңіп, Париж Олимпиадасының 1/4 финалына жолдама алды.
Париж Олимпиадасы: Сәкен Бибосынов Еуропа чемпионын айқын басымдықпен жеңді
1,349
оқылды

Боксшымыз Сәкен Бибосынов (51 кг) түрік қарсыласы Самет Гюмюшті айқын басымдықпен жеңіп, ширек финалға шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Есеп: 5-0. Келесі кезеңде Сәкен Хасанбай Дусматов (Өзбекстан) пен Хуанма Лопес де Хесус (Пуэрто-Рико) арасындағы жеңімпазбен күш сынасады. 

Айта кетейік, Сәкен Токио Олимпиадасында үздік үштікті түйіндеген. Әлем чемпионы және қола жүлдегері. Ал Самет болса Еуропа ойындарының күміс жүлдегері (2023), Еуропа чемпионы (2024).

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.