Париж Олимпиадасында Ислам Сәтпаев Александра Лемен жұптасып, аралас командалық сында қола медаль алған еді.
Ислам Сәтпаев: Олимпиадада медаль алу үшін көп жұмыс істедік
1,368
оқылды

Нысана көздеуден Қазақстан командасының мүшесі Ислам Сәтпаев Париж Олимпиадасын қорытындылап, жетістікке жетуге не себеп болғанын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Париж Олимпиадасында Ислам Сәтпаев Александра Лемен жұптасып, аралас командалық сында қола медаль алған еді.

«Арада 28 жыл өткен соң Қазақстан қоржынына нысана көздеуден Олимпиада ойындарының жүлдесі түсті. Өте қуаныштымын. Финалға шығып, жүлде алып, дәл осындай нәтиже көрсету үшін біз көп жұмыс атқардық.

Өзімнің жеке бапкерімнің еңбегін ерекше атап өткім келеді. Ол қандай жағдай болса да жарысқа келіп, маған моральдық тұрғыдан қолдау көрсететін. Елде бапкеріммен психологиялық сәттерді жиі талқылайтынбыз. Соның пайдасы тиді деп ойлаймын.

Енді алда басқа жарыс – 2028 жылғы Олимпиада күтіп тұр. Әрі қарай дайындалу керек.

Анам менің медаль алғанымды түсінде көріпті. Бірақ мені мазаламай, жарыс біткен соң айтып жатыр. Өйткені, ата-анам да, жұбайым да жарыс алдында мені алаңдатпау керектігін біледі. Турнир аяқталған соң естіп, қуанып қалдым. Жақындарымның жылы сөздері де мені елжіретіп жіберді. Бұл – ерекше сезім», – дейді Сәтпаев.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.