Үкімет су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарды қолдау және тұрғын үйді қалпына келтіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмысты тұрақты бақылауда ұстап отыр.
Тасқын зардабы: ешкім елеусіз қалмайды
565
оқылды

34 068 отбасына бір реттік 100 АЕК көлемінде өтемақы төленді. Осы мақсаттарға барлығы 12,5 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды. Бағалау аяқталуына қарай жоғалған ең қажетті заттарын сатып алу үшін 150 АЕК-ке дейінгі мөлшерде қосымша төлемдер де жүзеге асырылады. Бүгінде 21 800 отбасы жалпы сомасы 9,9 млрд теңгеге тиісті өтемақы алды.

Қазір барлық облыста тұрғын үй мен саяжай құрылысын тексеру және бағалау жұмысы толығымен аяқталды.

Су тасқынынан зардап шеккен қазақстан­дықтарға 4 790 салынған және сатып алынған үй мен пәтер берілді.

Мәселен, 323 жаңа үй салынып, пайдалануға берілді. Солтүстік Қазақстан облысында 235 отбасы, Қостанай облысында – 57, Ақтөбе облы­сында – 26 және Павлодар облысында – 5 отбасы жаңа үйдің кілтін алды. Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде күзге дейін барлығы 2 568 үй салып, тапсыру жоспарланған, жұмыс қар­қынды жүргізіліп жатыр.

4 467 отбасы үшін қираған баспанасының орнына жаңа үй мен пәтерлер сатып алынды. Қостанай облысының тұрғындарына 315 тұрғын үй берілсе, Ақмолада – 219, Атырауда – 1372, Ақтөбеде – 447, Солтүстік Қазақстанда – 1102, Батыс Қазақстанда – 1004, Қарағанды – 6 және Павлодарда – 2 тұрғын үй берілді.

Комиссия шешімдерінің қорытындысы бо­йынша жалпы сомасы 48,2 млрд теңгеге 8 717 от­ба­сы тұрғын үйін жөндеуге және қалпына келтіруге өтемақы алды.

Сонымен қатар зардап шеккен бизнеске кел­тірілген шығынды өтеу бойынша жұмыс жүр­гізілуде. Өңірлік комиссиялар ШОБ субъектілерінің жалпы сомасы 5,8 млрд теңгеге 374 өтінімін қарап, ма­құл­дады. Суға кеткен мал үшін берілген мемле­кеттік көмек көлемі 2,8 млрд теңгеден асты.