Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді. 
Бурабайда адасып, таудан түсе алмай қалған туристер құтқарылды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
925
оқылды

Бурабайда 3 адасқан адам курорт аумағындағы ең биік тауға шығып, өздігінен түсе алмай қалған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді. 

– Оларға Ақмола облысының жедел-құтқару жасағының қызметкерлері көмекке келді. Құтқару операциясы шамамен үш сағатқа созылды. 2004 жылы туған туристерге медициналық көмек қажет болмады, – делінген хабарламада. 

ТЖМ таудағы қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертті. Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.