Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
936
оқылды

Қасым-Жомарт Тоқаев Виола Амхердті Швейцарияның Ұлттық күнімен құттықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы Швейцария Конфедерациясының Ұлттық күні мерекесіне орай ел президенті Виола Амхердке құттықтау жеделхатын жолдады.

– Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Швейцарияның қарым-қатынасы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, екі ел халықтарының игілігі үшін өзара серіктестіктің одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Президент осы орайлы сәтті пайдалана отырып, Виола Амхердтің мемлекеттік қызметіне табыс, ал Швейцария халқына бақ-береке тіледі, – делінген хабарламада.