Роза Әлқожа балалары ауырып, қатты уайымға салынғанын айтты.
"Түнімен ұйқы жоқ": Роза Әлқожа отбасындағы жағдайды айтып, елді алаңдатып қойды
Фото: instagram.com/roza_alqozha
93,729
оқылды

Қазақстандық танымал әнші Роза Әлқожа отбасымен түнімен ұйықтамай жүргенін айтып, желіде жазба жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Роза Әлқожа балалары ауырып, қатты уайымға салынғанын Instagram-дағы парақшасында жазды.

"Өскеменнен келгелі балалар ауырып, түнімен ұйқы жоқ. Байқағаным  барлық жерде мутацияға ұшыраған түрленген COVID жүр екен. Өйткені қай қалада болса да диагноз бір. Тамақ іседі, қызуы көтеріледі, іші түйнеп ауырады, құсу, іш өту белгілері бар. Адамнан жауыз тіршілік иесі жоқ екен ғой ғаламда?! Рақмет саған, иммунитет! Қандай ауру болса да жеңіп келеміз, шүкір",  деп жазды өнер иесі. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.