Биыл Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті алғаш рет «Times Higher Education» атындағы әлемдік рейтингте бақ сынады.
Zhetysu University әлемдік рейтингте
2,328
оқылды

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті – өңірдегі іргелі оқу орны.  Университет 50 жылдан аса уақытта сан мыңдаған маман тәрбиеледі. Олардың алды еліміздің  билік орындарында, экономика, әлеумет, заң щығарушы орындарда еңбек етіп, елдің  дамуына елеулі үлес қосты. Аталмыш оқу орны білім, ғылым саласының майталмандарын тәрбиеледі.  Оқу орнынан көптеген зиялы қауым өкілдері шықты. Мұнда әр жылдары  заман талабына сай білім бөлімдерін ашылып, өркениетті бағындыратын мамандар тәрбиеленді. Іргелі оқу орны білім беруде  үздіксіз дамып келеді. Оған жетістіктері дәлел.

Университеттер отандық және  халықаралық рейтингтерге қатысу арқылы әріптестерінің алдында өз беделін анықтайды. Жоғары  беделге ие болу үшін оның білім беру көрсеткіштері жоғары болуы керек.  

Биыл Ілияс  Жансүгіров атындағы Жетісу университеті алғаш рет «Times Higher Education» атындағы әлемдік рейтингте бақ сынады.   Жетісу университеті  қазақстандық 25  жоғары оқу орнымен бірге "reporter" (қатысушы) мәртебесімен Times Higher Education рейтингінде орнын ойып алды. Бұл мәртебе олардың рейтингік үдерісте  белсенді-беделді қатысушы екенін дәлелдеді. Бұрын-соңды әлемдік университеттер тізімінде репортер дәрежесін алған отандық университет   болмаған. Бұл біздің жоғары оқу орындары үшін керемет жетістік. 

Impact Rankings рейтингісі Біріккен Ұлттар Ұйымының тұрақты дамуы үшін үздік университеттерді анықтайды. Бұл институттар белгілі бір салаларда ғана емес, сонымен қатар жаһандық тұрақты дамуды мақсаттарына қол жеткізу үшін үздік университеттерді анықтайды.   Рейтинге жоғары көрсеткішке ие болған  университеттер қоршаған ортаның тұрақтылығы, әлеуметтік инклюзия, экономикалық өсу  сияқты ең өзекті мәселелерді шешуге атсалысады. Бұлардың дауыс беруі маңызды рөл атқарады.  

2024 жылы Times Higher Education Impact Rankings әлемдік рейтингісіне 125 елден/аймақтан 2152 университет қатысты.  ТДМ (Тұрақты даму мақсаттары) рейтингте жеңген  университеттер төмендегі нәтижелерге қол жеткізе алады.  

Бірінші,  4 Сапа біліміне сәйкес, университет Қазақстанның үздік 5 университетінің қатарына еніп,  601-800 орынды иеленді.

Екінші, Гендерлік теңдік бойынша университет Қазақстанның үздік 10 университетінің қатарына еніп, 401-600 орынды иеленді.

Лайықты жұмыс және экономикалық өсу бойынша университет Қазақстанның үздік 20 университетінің қатарына еніп, 801-1000 орынды иеленді.

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті жыл сайын БСҚБТА тәуелсіз агенттікттері мен «Атамекен» ҰКП өткізетін институционалдық және бағдарламалық деңгейдегі ұлттық рейтингтерге қатысады.

 Биылғы институционалдық білім сапасын қамтамасыз ететін  IQAA Ranking (БСҚБТА) тәуелсіз агенттік жүргізген рейтинг нәтижелері бойынша университет ҚР көпсалалы ЖОО арасында үздік 5-ке кірді. 

Жыл сайын университет ҚР БҒМ мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бірлесіп жүргізген бакалавриаттық білім беру бағдарламалары рейтингісіне қатысады. «Атамекен» ҰКП-ның өткен жылға арналған арналған рейтингісінің қорытындысы бойынша университет 4 ОБ үздік 10-қа енді. 

Биыл университет QS Asian University Rankings – Central Asia рейтингіне қатысты. Осы рейтингтің нәтижелері бойынша І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті QS Asian University Rankings Азия бойынша 651-700 орынды иеленді. Сондай-ақ,  Central Asia Орталық Азия рейтингісінің нәтижесі бойынша 39 орынды иеленіп, ТМД-дағы үздік 25 университеттің қатарына енді.

Жетісу университеті жыл сайын әлемдік университеттердің ғаламдық экологиялық көрсеткіштерін бағалайтын UI Green Metrics World University Ranking  рейтингіне қатысады. Бұл рейтинг 2010 жылдан бастап Индонезия университетімен (UI) ұйымдастырылады. Рейтингтің негізін салушылар кейбір экологиялық мәселелерді шешу үшін тұрақты экологиялық даму саясатын жүргізу қажеттілігіне академиялық қоғамдастықтың назарын аударуды  мақсат етеді. Рейтингтің негізгі критерийлеріне энергияны тұтыну және үнемдеу, су ресурстарын ұтымды пайдалану, қалдықтарды сақтау және қайта өңдеу, экологиялық таза көліктерді пайдалану, сондай-ақ кампустағы жасыл кеңістіктің көлемі бағаланады. Рейтингте осы саладағы білім беру және ғылыми қызмет көрсеткіштеріне көп көңіл бөлінеді. Осы рейтинг нәтижесі бойынша университет 872 орынды иеленді. 

Сонымен қатар университет жыл сайын Ranking Web of Universities – Webometrics әлемдегі университеттердің үздік веб-сайттарының рейтингіне қатысады. 2024 жылдың шілде айындағы Webometrics рейтингінің қорытындысы бойынша университет қазақстандық университеттер арасында рейтингте 59-орынға (барлығы 132 университет) ие болды. Webometrics Ranking of World Universities, сондай-ақ Ranking Web of Universities ретінде белгілі, веб-мазмұнның көлемін және оның көрінетін әсерін ескеретін құрамдас метрикаға негізделген әлемдік университеттердің рейтинг жүйесі болып есептеледі. Рейтингті Мадридте орналасқан Испанияның Ұлттық зерттеу кеңесінің Cybermetrics Lab зерттеу тобы  жариялайды. Рейтингтің мақсаты – академиялар мен ғылыми-зерттеу институттарының интернетте  ғылыми нәтижелерді ашық жариялап, белсенділік танытуына ықпал ету. 

Мақсатымыз – білікті маман тәрбиелеп, елдің өркениетке жетуіне үлес қосу. Бұл орайда жетістікке тоқмейілсімей, әлемдік білім жүйесінің тәжірибелерін игеруге күш салу. Ұжым болып озық оқу орны қатарынан көрінуге еңбек ете береміз.

                                                                                                                                                            Ермек БӨРІБАЕВ, 

І.Жансүгіров атындағы 

Жетісу университетінің 

басқарма төрағасы, ректор, 

з.ғ.д профессор