Төрешілердің өз қызметінде қателік жібергені дәлелденсе, олар қызметтен шеттетілуі мүмкін.
Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті кейбір төрешілердің қызметіне күмән келтірді
Фото: sports.kz
854
оқылды

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті қазақстандық боксшылардың жекпе-жегінде жұмыс істеген кейбір төрешілердің қызметіне күмән келтіретінін мәлімдеп, PBU-ға (Paris boxing Unit) жүгінді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Сонымен қатар, кейбір төрелік кезіндегі біржақтылыққа назар аударуды сұрады.

ҚР ҰОК мәліметінше, Олимпиада ойындарындағы бокс бәсекесін ұйымдастырушылар бұл ескертуге назар аударып, аталған жағдайға қатысты зерттеу жүргізуге уәде берді. Аталған төрешілерге қатысты іс қозғалды.

Осы орайда, бұл іс-шараның жекпе-жектер нәтижесіне әсер етпейтінін ескеру керек.  Ережеге сәйкес,  аяқталған жекпе-жектер нәтижесі қайта қаралмайды. Алайда, төрешілердің өз қызметінде қателік жібергені дәлелденсе, олар қызметтен шеттетілуі мүмкін.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.