Соттың шешіміне сәйкес, Марат Әйтенов 12 тәулікке қамауға алынды.
Шымкенттің экс-әкімінің ағасына қатысты сот шешімі шықты
Фото: Forbes.kz
1,136
оқылды

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған соты Шымкенттің экс-әкімінің ағасы Марат Әйтеновке қатысты үкім шығарды. 

Соттың шешіміне сәйкес, Марат Әйтенов 12 тәулікке қамауға алынды.

«1978 жылы туған Марат Әйтенов Қылмыстық кодекстің "ұрып-соғу“ бабы бойынша қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 12 тәулікке қамауға алу жазасы тағайындалсын», — делінген сот үкімінде.

А. сот шешімінің негізінде сот орындаушыларының талабына сай көшіру барысында Д.-ға, яғни бұрынғы жұбайына қатысты қасақана зорлық-зомбылық әрекеттерін жасап, келтірілген дене жарақаттары салдарынан экс жұбайының денесі көгеріп, қанталаған болатын. 

Сотталушының кінәсі оқиға орнында түсірілген бейнежазба сондай-ақ сот-медициналық сараптаманың қорытындысына әрі істің басқа да материалдарымен дәлелденді.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.