Тартысты жекпе-жекте төрешілер жеңісті қазақстандық боксшыға берді.
Нұрбек Оралбай қазақ боксшыларынан бірінші болып Париж Олимпиадасының жартылай финалына шықты
Фото: Сали Сабиров/ҰОК
6,033
оқылды

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының мүшесі Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының жартылай финалына жолдама алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Оның еншісінде кем дегенде қола медаль бар.

80 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нұрбек ширек финалда әзербайжандық Мурад Аллахбердиевпен кездескен болатын. 

Тартысты жекпе-жекте төрешілер жеңісті қазақстандық боксшыға берді. Осылайша, Нұрбек Оралбай Қазақстан құрамасынан жартылай финалға шыққан алғашқы боксшы атанды. 

Енді Нұрбек жартылай финалда Кристиан Хавьер Пиналеспен (Доминикан) күш сынасады.

Айта кетелік, бұған дейін Асланбек Шымбергенов (71 келі), Қамшыбек Қоңқабаев (+92 келі), Махмұд Сабырхан (57 келі), Айбек Оралбай (92 келі) және Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 келі) жарысты аяқтаған болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.