Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының жартылай финалына шықты.
Тек алтын үшін келдім – Нұрбек Оралбай
Фото: Сали Сабиров/ҰОК
1,686
оқылды

Бокстан Қазақстан командасының  мүшесі Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының жартылай финалына шықты. Ширек финалдан соң шағын сұхбат берген спортшы мұнымен тоқтап қалмайтынын айтты, – деп хабарлайды  Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

"Әрине, Олимпиада болғандықтан, бәріміз де алтын үшін келдік. Кейбір сәтсіздіктер бізді одан әрі мықты қылады. Құрамадағы жеңіліп қалған жігіттер бұдан да мықты болып ораларына сенемін. Айбекке келер болсам, 15 жылдан бері бокста жүрген жігіт. Барлық қиындықты еркекше көтереді. Оған сенемін. Әлі өзін мойындатады.  Жекпе-жек сәтті өтті. Ендігі қарсыласым - Доминикан Республикасының өкілі Кристиан Хавьер Пиналес. Онымен бұрын кездескен емеспін. Бірақ ол менің салмағымда әлем чемпионатына қатысты. Мен тек алтын үшін келдім. Олимпиада чемпионы атану үшін барымды саламын", - деді Нұрбек кездесуден соң. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.