Алматыда қоғамдық көлікпен жол жүру ақысы 3 тамыздан бастап қымбаттады.
Алматыда қоғамдық көлікпен жол жүру ақысы қымбаттады
GOV.KZ
1,544
оқылды

3 тамыздан бастап Алматыда автобусқа, троллейбусқа және метроға билет құны 120 теңгені құрады,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Енді автобустарда қолма-қол ақша қабылданбайды. Жолақысын көлік картасы, SMS немесе қосымша арқылы төлеуге болады. 

Тарифтің өсуі автомобиль бөлшектерінің қымбаттауына байланысты. 

Ал арнайы картада енді бір айлық жол жүру құны 9 900 теңге болады. Студенттік жол жүру бағасы  4 200 теңге, мектеп  2 000 теңге, зейнеткерлерге  3 000 теңге.