Қазақстан құрамасы жарысты 1/8 финалдан бастады.
Париж-2024: Қазақстан командасы дзюдодан командалық жарыста Бразилиядан жеңіліп қалды
Фото: Сали Сабиров/ҰОК
3,100
оқылды

Бүгін, 3 тамыз күні Париж Олимпиадасында дзюдодан аралас командалар сайысы басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

ҚР ҰОК мәліметінше, Қазақстан құрамасы жарысты 1/8 финалдан бастады. Алғашқы айналымда дзюдошылар Бразилияға 5:2 есебімен жол берді.

Төменде әр белдесу бойынша нәтиже көрсетілген:

57 келі: Әбиба Абужакынова - Рафаэла Сильва (жеңіліс)

73 келі: Данияр Шамшаев - Даниэль Каргнин (жеңіс)

70 келі: Эсмигуль Куюлова - Кетлейн Куадрос (жеңіліс)

90 келі:  Абылайхан Жұбаназр - Рафаэль Мачедо (жеңіс)

70 келі: Камила Берликаш - Беатрис Соуза (жеңіліс)

+90 келі: Нұрлыхан Шархан - Леонардо Гонсальвес (жеңіліс)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.