Боксшымыз Назым Қызайбай (50 келі) Париж Олимпиадасының ширек финалында Ингрит Лорена Валенсия Викторияны (Колумбия) сенімді түрде жеңді.
Колумбиялық қарсыласымды ақылмен жеңдім – Назым Қызайбай
Фото: Владислав Семенов
4,753
оқылды

Бокстан Қазақстан әйелдер командасының мүшесі Назым Қызайбай  ширек финалдық жекпе-жегіне қатысты пікірін айтты, - деп хабарлайды  Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

"Бүгінгі колумбиялық қарсыласымнан әлем чемпионатында ұтылып қалған едім. Осы жолы есе қайтаруға тырыстым. Негізінен, ақылмен жеңдім деп айта аламын. Тактика сондай болды. Келесі қарсыласым да оңай емес, қытайлық боксшы. Ол әлем және Азия ойындарының чемпионы. Десе де, жекпе-жекке жақсы дайындалып, жеңуге тырысамын. Алтын медальға таласуға бар күшімді саламын", - деді Қызайбай. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.