Спорт гимнастикасынан Қазақстан тарихындағы алғашқы медальді иеленген Нариман Құрбанов 18 жасынан бастап олимпиадаға баруды армандаған.
Көпшілік әкеме менен ештеңе шықпайтынын жиі айтатын  – Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері
5,332
оқылды

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов өзінің спорттағы үлкен жетістікке қол жеткізетініне көпшілік күмәнмен қарағанын айтты, деп жазады Aikyn.kz.

“Көпшілік менің спортта үлкен жетістікке жететініме сенбей, әкеме менен ештеңе шықпайтынын жиі айтатын. Осы маусымдағы әрбір жарыс алдында суретке қарап, армандайтынмын. Олимпиададан жүлде алу бала кезден бергі арман емес. 18 жасыма қарай жазғы ойындарға қатысып, жүлде алуға асыға бастадым. Мақсат қойдым. Сол мақсатқа жету үшін жұмыс істедім. Елімізде бұл медальді қалай қабылдайтынын, халықтың қалай қуанып жатқанын жақсы түсінемін. Қазір бұл медальді ұстағаннан гөрі, еліміздің қуанып жатқанын көру мен үшін бақыт",  деді Құрбанов. 

Айта кетейік, қазір Қазақстан  қоржынында  бір алтын (Елдос Сметов), бір күміс және екі қола медаль. Қоланы дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев пен нысана көздеуден Ислам Сатпаев пен Александра Ле алған еді. Нариман Құрбанов Қазақстан құрамасының қоржынын алтыншы медальмен толықтырды.