ТЖМ азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.
Алматыда жанып жатқан пәтерден ер адам құтқарылды
499
оқылды

Алматыда ТЖМ құтқарушылары жанып жатқан пәтерден 62 жастағы ер адамды құтқарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

ТЖМ мәліметінше, Алматы қаласында алты қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында 15 шаршы метр алаңда үй заттары өрттенген.

– Өрт сөндіру жұмыстары барысында үй иесі – 1962 жылғы ер адам құтқарылып, жедел жәрдем қызметіне табысталды. Өрт сөндірілді. Қазір оның себебі анықталуда, – делінген хабарламада. 

Осы ретте ТЖМ азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.