Бүгін Париж Олимпиадасына қатысқан қазақстандық дзюдошылардың алғашқы легі елге оралды. 
Дзюдо федерациясы Ғұсман Қырғызбаевқа су жаңа көлік сыйлады
Фото: Nur.kz
3,264
оқылды

Алматы қалалық дзюдо федерациясы дзюдодан Париж Олимпиадасының қола жүлдегері атанған Ғұсман Қырғызбаевқа көлік мінгізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Nur.kz-ке сілтеме жасап. 

Бүгін Париж Олимпиадасына қатысқан қазақстандық дзюдошылардың алғашқы легі елге оралды. Олардың қатарында Олимпиада чемпионы Елдос Сметов пен қола жүлде иегері Ғұсман Қырғызбаев та бар. Дзюдошыларды Алматы әуежайынан олардың ата-анасы, достары, БАҚ өкілдері және жанкүйерлер күтіп алды.

Алматы қалалық дзюдо федерациясының өкілдері 66 кг салмақ дәрежесінде Олимпиаданың қола жүлдесіне ие болған Ғұсман Қырғызбаевқа Toyota Land Cruiser көлігін мінгізді.

Еске сала кетейік, Ғұсман Қырғызбаев қола медаль үшін белдесуде сербиялық дзюдошы Страхинья Бунчичті "вазари" ұпайымен жеңген еді. Ал оған дейін Париж татамиінде Елдос Сметов (60 кг) франциялық спортшы Лука Мхеидзеден басым түсіп, алтын жүлдені қанжығалаған болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.