Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамалары мен рефор­маларын халық арасында түсіндіру мақсатында сенатор­лардың аймақтардағы сапары жалғасып жатыр.
Ел ішіндегі елеулі мәселелермен танысты
391
оқылды

Алматыда жаңа Салық және Бюджет ко­декстерінің негізгі мәселелері және олар­ды іске асыру жолдарын талқылауға ар­­налған кездесу болды. Шараға Пар­ла­мент Сенаты Қаржы және бюджет ко­ми­те­тінің төрағасы Сұлтанбек Мәкежанов пен депутат Нурия Ниязова, Қаржы және ұлт­тық экономика министрліктерінің өкіл­дері, Алматы қалалық мәслихатының де­путаттары, әкімдік өкілдері, жұрт­шылық және «Атамекен» ұлттық кәсіп­кер­лер палатасының мүшелері қатысты. Ша­ра жаңа заңнамалық бастамалар бойын­ша жан-жақты талдау мен пікір ал­масуға арналды. 

Сенаттың Конституциялық заңнама, Сот жүйесі және құқық қорғау органдары ко­митетінің төрағасы Нұрлан Бекназаров Шым­кент қаласындағы №6 емхананың қызметімен танысты. Емханада консу­ль­та­тивтік-диагностикалық бөлімше, Отба­сы­лық денсаулық сақтау орталығы, ем­деу-алдын алу бөлімі және әлеуметтік-пси­хологиялық көмек бөлімі жұмыс іс­тейді. Дәрігерлер мұнда 22 сала бойынша кеңес береді, диагностикалық және зер­т­ха­налық зерттеу жүргізеді және пси­хо­ло­гиялық көмек көрсетеді.  Нұрлан Бек­на­заров денсаулық сақтау саласының мін­деті – азаматтардың өмір сүру ұзақтығын арт­тыру және денсаулығын жақсарту еке­нін атап өтті. Депутат «Қолжетімді баспана» мемлекеттік бағдарламасы ая­сында «Бозарық» шағынауданында са­лы­нып жатқан тұрғын үйлерді де аралады. Се­натор аз қамтылған азаматтарды тұр­ғын үймен қамтамасыз етудің маңызына тоқ­талды және құрылыс жұмыстарының са­пасын атап өтті. Ол сондай-ақ «А-2 Қор­ғас – Алматы – Шымкент – Өзбекстан Республикасының шекарасы» автомобиль жолын қайта жаңғырту жөніндегі құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. 

Сенат депутаты Айнұр Арғынбекова Се­мей қаласындағы медициналық жедел жәр­дем ауруханасының дәрігерлер қауы­мымен кездесті. Мекеменің өзекті мәсе­ле­­лері мен мұқтажын талқылау – кез­де­су­дің басты мақсаты болды. Медицина қыз­­меткерлері кездесу барысында ау­ру­хананың инженерлік-коммуника­ция­лық инфрақұрылымының жарамсыз жағдайы­на алаңдаушылық білдірді. Атап айтқанда, жертөле су астында қалып, ғимараттың ір­гетасына орасан зор зақым келген бо­латын. Айнұр Арғынбекова денсаулық сақ­тау ісінде көптеген проблемалық мә­селе бар екенін және олар шұғыл шешуді та­лап ететінін атап өтті. 

Сенатор Сағындық Лұқпанов Атырау об­лысындағы Құрманғазы ауданында болып, кәсіпкерлермен және аудандық мәс­лихат депутаттарымен кездесті. Жүз­десу кезінде оларды жоғары заң шығарушы ор­ганның жұмысымен таныстырды және па­лата қызметінің қорытындылары ту­ра­лы айтып берді. Өткен сессия барысында қа­былданған заңдардағы негізгі жаңа­лық­тар туралы жан-жақты хабардар етілді. Кез­десу барысында жергілікті тұрғын­дар­ды толғандыратын мәселелер де тал­қы­ланды. Сондай-ақ мәслихат депутаттары­ның денсаулық сақтау және жол сала­сын­дағы заңнаманы жетілдіру, өңірді ауыз­су­мен қамтамасыз ету туралы ұсыныстары ай­тылды. Депутат ауданға сапар бары­сын­да 60 пәтерлі тұрғын үй құрылысымен де та­нысты. 

Сенат депутаты Бекболат Орынбеков Жам­был облысына сапары барысында Тұ­рар Рысқұлов ауданында болды. Ол Қайыңды ауылындағы фельдшерлік-аку­шерлік пунктінің, Ақыртөбе ауылындағы мә­дениет үйінің, Малдыбай ауылындағы мек­тептің, сондай-ақ Жаңатұрмыс ауы­лы­н­дағы денешынықтыру-сауықтыру ке­шені мен мәдениет үйінің құрылысымен та­нысты. Бекболат Орынбеков жұмыс­тар­ды сапалы және уақтылы аяқтаудың маңыз­дылығын атап өтті. Ол жаңа ме­дициналық, білім беру, мәдени және спорт­тық нысандар жергілікті тұрғын­дар­дың өмір сүру сапасы мен қызметтердің қол­жетімділігін жақсартуда шешуші рөл ат­қаратынына тоқталды. 

Депутат Меркі ауданында болып, Ақ­то­ған ауылындағы Тілеміс батыр атын­да­ғы №4 жалпы білім беретін мектептің, Мың­қазан ауылындағы №30 мектептің жә­не Ойтал ауылдық округіндегі №48 мек­тептің құрылысымен танысты. Ол сон­дай-ақ Рысқұлов ауылында дәрігерлік ам­булатория құрылысын да көрді.

Сенатор Айгүл Қапбарова Шымкент қа­ласына сапары барысында «Конгресс-холл» көпфункционалды мәдени орта­лы­ғының қызметімен танысты.