«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов облыстық, қалалық филиалдар жанындағы партиялық бақылау комиссияларының мүшелерімен бірге қаладағы бірқатар білім беру ұйымы ғимараттарын жөндеу жұмыстарына мониторинг жүргізді.
Жөндеу жұмыстарын партия бақылайды
1,021
оқылды

Мектеп басшылары мониторингтік топқа жөндеу жұмыстарын та­ныс­тырып, жаңа оқу жылына дайын­дықтары туралы баяндады. Өз кезегінде партия филиалының төрағасы мер­дігерлерге бірқатар ескерту жасап, ол­қылықтарды тез арада ретке келтіруді тапсырды.

«Жұмыстарды уақытында, сапалы бітіру қажет. Жаңа оқу жылына дейін барлық шаруа мүлтіксіз орындалып, балалардың білім алуына ешқандай кедергі болмауы қажет. Жөндеу жұмыстары аяқталып, талапқа сай тапсырылуын партия бақылауда ұстайды», – деді төраға Алмасбек Есмаханов.

Айта кетейік, 2024 жылға арналған қаладағы № 222, 253, 211, 212, 217, аудандар бойынша Жалағаш №33, Жаңақорған №163, Сырдария №132 – барлығы 8 білім беру ұйымына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жос­парлануда. Мектептерге күрделі жөндеу жұмыстары басталды.

Берік БЕК