Жетісу облыстық соты апелляциялық сатысының қылмыстық алқасы қыз зорлағаны үшін сотталған бұрынғы жоғары лауазымды полицейге қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды.
Қыз зорлағаны үшін 11 жылға сотталған Марат Күштібаевтың үкімі өзгеріссіз қалды
Фото: facebook.com/Марат Күштібаев
782
оқылды

Қыз зорлады деген күдікпен 11 жылға сотталған Марат Күштібаевқа қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Жетісу облыстық  соты апелляциялық сатысының қылмыстық алқасы қыз зорлағаны үшін сотталған бұрынғы жоғары лауазымды полицейге қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды», – делінген хабарламада.

Кабинетінде қыз зорлағаны үшін 11 жылға сотталған Талдықорған полициясының экс-басшысы Марат Күштібаев үкіммен келіспей, сотқа апелляциялық шағым түсірген еді.

Естеріңізге сала кетейік, биыл сәуір айында Талдықорған қалалық соты полиция басқармасының бұрынғы басшысы Марат Күштібаевты 11 жылға бас бостандығынан айырған. Ол 27 жастағы қызды зорлағаны үшін айыпталған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Тelegram арнасынан таба аласыз.