77 келі салмақта сынға түскен Демеу жартылай финалда әзербайжандық Санан Сүлеймановтан басым түсті.
Ертең финалда жолығатын жапондық балуанмен бұрын кездескенмін – Демеу Жадыраев
Фото: Тұрар Қазанғапов
7,009
оқылды

Грек-рим күресінен Париж Олимпиадасының финалына шыққан Демеу Жадыраев шағын сұхбат беріп, бүгінгі жекпе-жектерін қорытындылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

«Олимпиада ойындары болғандықтан, ешбір белдесу оңай болған жоқ. Ешкімді бөліп-жармаймын. Төрткүл дүние көз тіккен жарыс, сондықтан жауапкершілік жүгі ауыр. Әлі де босаңсуға болмайды. Ертең финалда жолығатын жапондық балуанмен бұрын кездесіп, жеңілген едім. Ал жартылай финалдағы әзербайжандық спортшымен оқу-жаттығу жиындарында күресіп жүрміз. Осы белдесуде бас бапкер Юрий Мельниченконың қойған тактикасымен күрестім. Бәрі ойдағыдай шықты. Қолдауларыңызға рақмет. Енді финалды күтеміз», – деді Жадыраев.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram    арнасынан таба аласыз.