Бұл – Қазақстан құрамасының Париж Олимпиадасындағы үшінші қола жүлдесі.
Назым Қызайбай Париж Олимпиадасының қола жүлдегері атанды
Фото: Владислав Семенов/ҰОК
2,577
оқылды

Назым Қызайбай Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.   

50 келі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шыққан қазақстандық боксшы әлем чемпионы, Азия ойындарының жеңімпазы Ву Юден жеңілді.

Бұл – Қазақстан құрамасының Париж Олимпиадасындағы үшінші қола жүлдесі. 

Осыған дейін спорттық оқ атудан Александра Ле мен Ислам Сәтбаев, дзюдодан Ғұсман Қырғызбаев ел қоржынына қола жүлде салған еді. Қазір Қазақстан құрамасында 1 алтын, 1 күміс, 3 қола жүлде бар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.