Ол «ҚазМұнайГаз «ҰК» АҚ-ның Дубай қаласында (БАӘ) экологиялық іс-шараны ұйымдастыру кезінде жалпы сомасы 121,6 млн теңгені жымқырған.
Халықаралық жасыл технологиялар орталығының экс-басшысы Олжас Ағабеков 9 жылға сотталды
Фото: t.me/EcologyofQazaqstan
1,152
оқылды

«Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасы Олжас Ағабеков 9 жылға сотталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

 

Антикордың хабарлауынша, ол «ҚазМұнайГаз «ҰК» АҚ-ның Дубай қаласында (БАӘ) экологиялық іс-шараны ұйымдастыру кезінде жалпы сомасы 121,6 млн теңгені жымқырған.

«Көміртегі бірліктерін сатып алу-сату шартын тіркеуге жәрдемдескені үшін кәсіпкерден 35 млн теңге мөлшерінде пара алғаны, сондай-ақ жалпы сомасы 8,2 млн теңгеге басшы құрамға заңсыз сыйақы бергені үшін сотталды», – делінген Антикор хабарламасында.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2 тамызда үкім шығарды.

Ағабеков мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды және 9 жылға сотталды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Тelegram арнасынан таба аласыз.