87 келі салмақта сынға түскен қазақстандық балуанның қарсыласы, украиналық Жан Беленюк жартылай финалда ирандық балуаннан жеңілді.
Нұрсұлтан Тұрсынов Олимпиада ойындарын аяқтады
Фото: Тұрар Қазанғапов
1,785
оқылды

Нұрсұлтан Тұрсынов Олимпиада ойындарындағы жарыс жолын аяқтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Грек-рим күресінде 87 келі салмақта сынға түскен қазақстандық балуан 1/4 финалда Токио Олимпиадасының чемпионы Жан Беленюктен (Украина) жеңілген еді. Егер қарсыласы финалға шыққанда, қола жүлде үшін күресер еді.

Алайда Украина спортшысы жартылай финалда Иранның жас балуаны Алиреза Мохамедиден айласын асыра алмады.

Осылайша Нұрсұлтан үшін Париж Олимпиадасы аяқталды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.