Алдын ала ақпарат бойынша, оның кенеттен жүрегі тоқтап қалған.
Парижде Алматы қаласы Спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллин қайтыс болды
Фото: Алматы қаласы Спорт басқармасы/gov.kz
586
оқылды

Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарына келген Алматы қалалық Спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллин қайтыс болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

 

Бұл ақпаратты ҚР Туризм және спорт министрлігі  растады.

Алдын ала ақпарат бойынша, оның кенеттен жүрегі тоқтап қалған.

"Алматы қаласы Спорт басқармасының басшысы Хайруллин Ерден Рашидұлының кенеттен қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз", – деп жазды Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі. 

Ерден Рашидұлы Алматы қалалық Спорт басқармасын 2022 жылдың мамыр айынан бері басқарады. Оған дейін Алмалы ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.