«33 миллион теңге қайтаруы тиіс» – атаулы әлеуметтік көмек алған отбасылар жауапқа тартылып жатыр
«33 миллион теңге қайтаруы тиіс» – атаулы әлеуметтік көмек алған отбасылар жауапқа тартылып жатыр
Фото: zakon.kz
262
оқылды
Қарағанды облысында атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алды деген 350 отбасы жауапқа тартылып жатыр, – деп хабарлайды KTK телеарнасы. Телеарнаның хабарлауынша, олар қазынаға 33 миллион теңге қайтаруы тиіс. Дегенмен заңгерлер биліктің бұл әрекетін заңға қайшы деп айтады. Өйткені шенеуніктер әлеуметтік жәрдемақыны тағайындағанда арыз берушілердің табысын жіті тексермеген. «Судья айтады дәл сол 16-сында тапсырғанда жолдасыңыз жұмыс істеп жүріп, сіз өтірік айтқансыз деген. 16 күні бардыңыз, сол кезде екінші жұмысты айту керек дейді. «Оны маусымдық жұмыс» дедім. Жылу сәуірде тоқтатылады. Ол жерде менің кінәм жоқ», – дейді Шахан қаласының тұрғыны Назгүл Сәрсенбаева. Назгүлдің айтуынша, құжат тапсырғанда әкімдіктегілер қатты асықтырыпты. Бірді-екілі сұрақ қойып, жете білмейтінін айтса да, құжаттарын орыс тілінде толтыртып, қол қойдыра салған. Соттағы түсініктемеде мұның барлығы айтылды. Шенеуніктер отбасынан табысын тәптіштеп сұрағанын айтады. Бірақ ауызша ғана. Заңгерлердің айтуынша, еңбекпен қамту бөлімі отбасының табысын егжей-тегжейлі тексеруі қажет болған. Ал ортақ база болмады деген сылтауы ақталуға жатпайды. Бір сөзбен айтқанда, олар бюджет қаржысын аухуалын ауызша айтқандарға ұстатып жіберіп отыр дейді заңгерлер. Мамандардың жұмыспен қамту орталықтары осындай отбасыларға берілген жәрдемақыны толық талап етпесе де болады дейді. Тек жан басына шаққандағы күнкөріс шегі 20897 теңгеден асқан соманы сұраса, заңға қайшы емес делінеді.