Zeekr 009 сияқты көліктер Қытайдың әлемдік автомобиль нарығын таңғалдыруға қабілетті екенін көрсетті. Себебі ең атақты Rolls-Royce, Mercedes-Benz, BMW және Porsche, Bentley сияқты көлік брендтерінің бұрынғы дизайнерлері қазір қытайлық көліктердің бейнесін жасайды.
Қытай люкс санатында Zeekr 009 электр көлігін шығарды
Zeekr 009 алғаш рет Қытайда 2022 жылдың тамызында ұсынылды. Сатылымдар 2023 жылдың бірінші тоқсанынан басталды. Фото insideevs.com сайтынан алынды
2,499
оқылды

Қытайлық бай бизнесмендер кептелістердегі уақытты сән-салтанатты жағдайда өткізуді жақсы көретінін Quartz сайты Zeekr 009 минивэні туралы жазды. Aikyn.kz осы материалға сүйеніп, жаңа көліктің сипатымен таныстырады.

Zeekr 009 көлігінде көп жаңашылдықтар қосылған. Фото hybridmotorsafrica.com сайтынан алынды

Ауқатты қытайлықтар көлікте де абсолютті сән-салтанатпен жүруді жақсы көреді. Ал автоиндустрия олардың талғампаз сұранысын қанағаттандыра алатындай өнімдер шығаруда. Бүгін сондай көліктің бірі – Zeekr 009 танысамыз.

Zeekr 009 алғаш рет Қытайда 2022 жылдың тамызында ұсынылды. Сатылымдар 2023 жылдың бірінші тоқсанынан басталды. Бұл минивэннің бәсекелестері Hyundai Staria және Toyota Alphard деп айтылады. Zeekr 009 өте жайлы фургон. Көлік 534 а.к. бар екі электр қозғалтқышымен жабдықталған. Бір рет қуатталған көлік 700 шақырым жүреді.

Көлікте алты ересек адам жайлы орналаса алады. Zeekr 009 көлігінің іші өте кең және бұл қытайлық көлік туралы негативті көзқарасты өзгертуі мүмкін.

Жаңа технологиялық тәсілдерді игерген қытайлық билік пен кәсіпкерлер өндірісті өздері құра бастады. Фото insideevs.com сайтынан алынды

Әлемдік тұтынушыларда Қытай арзан, сапасыз өнім шығарады деген стереотип қалыптасқан. Бірақ бұл негізінен Amazon, Temu және Alibaba-дан көпшілік сатып алатын тауарларға қатысты ғана болуы мүмкін.

Соңғы 40 жыл бойы барлық дамыған елдер өздерінің өндірістерін Қытайға аутсорсингке беріп келді. Өйткені онда шикізат пен жұмыс күші арзан болғандықтан, тауар бағасы да төмен болды. Енді жағдай өзгерді. Жаңа технологиялық тәсілдерді игерген қытайлық билік пен кәсіпкерлер өндірісті өздері құра бастады. Батыс артта қалып жатқанын түсініп, санкциялық режимді іске қосты. Бірақ бұл да көмектесе алмауда, тұтынушы арзан әрі сапалы тауарды сатып алуда.

Zeekr сияқты электрлі көлік жасай алатын еуропалық брендтер де көп емес, Tesla-ның өзі осындай жоғары сапада, ұтымды бағада көлік ұсына алмауда. Фото carnewschina.com сайтынан алынды

Zeekr 009 Ford Flex моделінің сәнді жалғасы сияқты көрінуі мүмкін. Дегенмен қытайлық көлікке көп жаңашылдықтар қосылған. Zeekr 009 жолаушының ыңғайлылығына басымдық берген.

 Фото pandaily.com сайтынан алынды. Авторлығы: Zeekr

Бүгінде Rolls-Royce сапасы мен жайлылығы, Hellcat-ті жеңетіндей үлкен жолаушылар көлігін жасап, сата алатын америкалық автоөндіруші бар ма? Cadillac немесе Lincoln көліктері соңғы рет қашан осындай жоғары рейтингке ие болды? 

Фото pandaily.com сайтынан алынды. Авторлығы: Zeekr 

Zeekr сияқты толық электрлік премиум класс сегментіндегі көліктер өте аз. Мұндай көлік жасай алатын еуропалық брендтер де көп емес, Tesla-ның өзі осындай жоғары сапада, ұтымды бағада көлік ұсына алмауда.

Zeekr 009 ауқатты адамның сұранысын қанағаттандыра алатындай көлік. Фото carnewschina.com сайтынан алынды

Фото carnewschina.com сайтынан алынды

Zeekr 009 сияқты көліктер қазір автомобиль әлемінің бар қаймағын жинап алған сияқты. Қытайлық автоиндустрияның даму жылдамдығы керемет, олардың озып кеткені сонша, бәсекелестері кіммен жарысып жатқанын да байқамауда. Ал электрлендіруден бас тарту ұзақмерзімді перспективада ұтылысқа әкелуі, банкроттыққа ұшыратуы да мүмкін.

Қызықты факт, Zeekr атауы Generation Z пен «geek» деген екі сөзден құралған Z+geek= Zeekr.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.