Іс-шарада елорда тұрғындары мен қонақтары сол сияқты жаңа өнімдер, кәдесыйлар мен қолдан жасалған бұйымдар, дәстүрлі тәжік тағамдарын сатып ала алады.
Астанада Тәжікстаннан жеткізілген өнімдердің жәрмеңкесі өтеді
Фото: Астана қаласы әкімдігі
1,764
оқылды

Астанада 10 және 11 тамыз күндері Тәжікстанның ауыл шаруашылығы, халық қолөнері және ұлттық тағамдары өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді, – деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жәрмеңкеде жаңадан піскен жеміс-жидек пен көкөніс, табиғи бал, жаңғақ, кептірілген жеміс, дәмдеуіш және т.б. бар. Сондай-ақ, ұлттық қолөнер бұйымдарын – былғарыдан, керамикадан, ағаштан жасалған бұйымдар, қолдан жасалған кілемдер, кәдесыйлар сатып алуға болады.

Іс-шарада елорда тұрғындары мен қонақтары сол сияқты жаңа өнімдер, кәдесыйлар мен қолдан жасалған бұйымдар, дәстүрлі тәжік тағамдарын сатып ала алады.

Жәрмеңкенің негізгі сахнасында Тәжікстан мәдениет қайраткерлерінің қатысуымен концерттік бағдарлама өтеді.

Жәрмеңке «Барыс-Арена» спорт кешеніне іргелес аумақта 10 тамызда сағат 11:00-ден 19:00-ге дейін, 11 тамыз күні сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді.