Қасым-Жомарт Тоқаев Тарман Шанмугаратнамның бастамаларына табыс, ал Сингапур халқына бақ-береке тіледі.
Мемлекет басшысы Сингапур халқын Ұлттық күнімен құттықтады
Фото: Ақорда
753
оқылды

Сингапур президентіне құттықтау жеделхатын жолдады. Қасым-Жомарт Тоқаев Тарман Шанмугаратнам мен Сингапур халқын Ұлттық күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Президент Сингапурдың экономика, инновация және қоғамдық даму саласындағы таңғаларлық жетістіктерін атап өтті. Сонымен қатар еліміздің Сингапурмен арадағы шынайы достыққа және өзара қолдауға негізделген серіктестікті нығайтуға мүдделі екенін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Тарман Шанмугаратнамның бастамаларына табыс, ал Сингапур халқына бақ-береке тіледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.