Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Мемлекет басшысы Жапония премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
557
оқылды

Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияда болған жер сілкінісіне байланысты жапон халқына сабыр тілеп, табиғат апатының салдары ауыр болмайды деп үміттенетінін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

Өз кезегінде Фумио Кишида Қазақстанға ресми сапарын, соның ішінде «Орталық Азия + Жапония» диалогының бірінші саммитіне қатысуын амалсыздан кейінге шегергенін өкінішпен жеткізді.

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Фумио Кишида қазақ-жапон қатынастарының қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылап, өңіраралық ықпалдастық мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.