Парламент Мәжілісінің депутаты, «Жер аманаты» комиссиясы төрағасының орынбасары Бақытжан Базарбек және Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов жұмыс сапарымен Павлодар облысына барды.
Бос жер телімдері кәдеге асуда
965
оқылды

Сапар барысында олар Шарбақты ауданы Шегірен ауылында халықпен кездесу өткізді. Соңғы жылдары мұнда халыққа арналған жайылым алаңы едәуір ұлғайып, 79 мыңнан 109 мың гектарға дейін жеткен. «Жер аманаты» бағ­дар­ламасы аясында биыл тағы 4 мың гектар жерді мемлекет меншігіне қайтару жос­парланып отыр. Мамандар халықты ма­залап жүрген сұрақтарға жауап бере отырып, жерді қайтарудың негізгі те­тіктері туралы айтып берді.

«Біздің міндетіміз – игерілмеген және мақсатсыз пайдаланылған жер учас­келерін қайтару, сонымен қатар жер заң­намасының талаптарын бұза отырып, берілген жерлердің игерілмеу факті­лерімен күресу. Павлодар облысы бо­йын­ша мұндай фактілерді салыс­тырмалы түр­де көп деп айта алмаймын. Біз халық­пен кездесіп, мәселенің бар екенін ал­ды­мен солардан біліп, әр факті бойын­ша қандай тексерулер жүргізуге бола­тынын зерт­тейміз. Пре­зидент біздің ко­­миссияға ауыл­дық елді ме­ке­н­дерді жа­­йылымдық жер­­­лермен қам­тамасыз ету мін­детін қой­ды», – деп атап өтті Ба­қытжан Базарбек. 

Сондай-ақ делегация Пав­лодар ау­данының Ново­чер­ноярка ауылында болып, «Дзюба» және «Арман» шаруа қожа­лықтарының өкілдерімен кездесті. Де­путаттар шаруа қожа­лық­тарының жұ­мысын жоғары бағалап, олардың қайт­а­­рылған жерлерді тиімді пайдаланып жатқанын ерекше атап өтті. 

2023 жылы құрылған «Дзю­ба» шаруа қожалығының тәжі­рибесі мақтауға ла­йық. 30 жыл бойы өңделмеген 16,7 гек­тар учаскеде шаруа­шылық картоп пен сәбіз өсі­ріп отыр. Жұмыс­тың алғашқы жы­лын­да гек­тарынан 40-55 центнер өнім алынған бол­са, биыл бұл көр­сеткішті 70 цент­нерге дейін арттыру жоспарланып отыр­. 

Осыған дейін пайдасыз бо­лып жат­қан жер телімдері пай­даға асып жатса мем­лекет үшін де, халық үшін де ерекше игі­лік екені шын. Сондықтан «Жер аманаты» комиссиясы шаруаның ілкімді болуын ерек­­­ше назарда ұстап отыр. 

Берік БЕК